АҚШ-та фермер алып алигаторды атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатындағы Outwest Farms елді мекенінде ферма иесі Ли Лайтси және оның ұлы Мэйсон қабандарды аулауға шыққан жолында алып алигаторды атып өлтірді.

АҚШ-та фермер алып алигаторды атып өлтірді

«Біз қабандарды аулауға шыққанбыз, алайда сиырлар су ішетін қоймада алигаторға тап болдық. Бізде алигаторлар көп кездеседі, алайда бұл жолғысы тым үлкен еді», - дейді фермер.  

Алигатордың ұзындығы 4,5 метр, ал салмағы 350 келіге жуық болған. 9 жастағы крокодилдің жанында тұрып, кіп-кішкентай болып көрінген фермердің айтуынша, ол крокодилдің етін қайырымдылыққа жұмсап, ал терісінен тұлып жасамақ, деп жазады 24.kz.

3