АҚШ-та Флоренс дауылынан зардап шеккендер саны 36 адамға жеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Флоренс дауылынан зардап шеккендер саны 36 адамға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат LA Times-қа сілтеме жасап. 

Таңертең жарияланған деректерге сәйкес, қаза тапқандардың басым бөлігі - 20 адам өз автомобильдерінде құлттанып, мерт болған.
Көліктер дауыл салдарынан болған су тасқынының эпицентрінде қалып қойып, басқа көліктермен соқтығысқан.

Флоренс дауылынан зардап шеккендердің көбі Солтүстік Каролинада тіркелген. Ол жерде 27 адам мерт болған. Алты адам Оңтүстік Каролинада, екеуі Виргиния штатында дауылдың құрбаны болды. Сондай-ақ, дауыл салдарынан үш бүлдіршін қаза тапты.

Флоренс дауылынан болған шығын 22 миллиард долларға жетіп отыр, бірақ бұл нақты сома емес, деп хабарлайды Moody Analytics.

Солтүстік Каролинада ержеткен танымал баскетболшы Майкл Джордан 2 миллион доллар бөліп, қайырымдылық жасаған.

Фото: trib.com

Соңғы жаңалықтар
telegram