АҚШ-та ғалымдар Жерде тіршілік еткен ең ірі құстың ұшу құпиясын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ғалымдар Жерде тіршілік еткен ең ірі құстың ұшу құпиясын ашты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

АҚШ-та ғалымдар Жерде тіршілік еткен ең ірі құстың ұшу құпиясын ашты

25 млн. жыл бұрын Жерде тіршілік еткен ірі құстың қанат серпіні 6,5 метрден асып түскен. Одан кейін тіршілік еткен ең ірі құс - альбатрос - бұл көрсеткіштен екі есеге аз.

Ғалымдарды аса ірі құстың ұшуы қызықтырған. Олар мұны үлгіге салып көрді. Ежелгі жануарлар дүниесінің өкілі ауа ағыны күшімен құлашты қанат серпуінің арқасында орасан қашықтықты еңсеріп, бір апта бойы тоқтаусыз ұшатын болған.

Бұл ретте оның ұшу жылдамдығы сағатына 55 шақырымға жеткен. Алайда әлі күнге дейін зерттеушілер бірнеше ондаған келі салмақпен және өте нәзік сүйекпен денсаулығына қауіп төндірмей, оның жерге қалай қонғанын анықтай алмай отыр.

Ежелгі құстың қаңқасы Чарльстон (Оңтүстік Каролина) қаласында әуежай құрылысын салу барысында 1983 жылы табылған. Алайда жуырда ғана компьютерлік технологияның арқасында құстың миллион жылдар бұрын тіршілік кешкендігін анықтау мүмкіндігі туды.