Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та ғарыштық ядролық реактор құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдахо ұлттық зертханасының америкалық инженерлері Марстың алғашқы тұрғындары пайдаланатын ғарыштық ядролық реактор жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

АҚШ-та ғарыштық ядролық реактор құрылды

Annals of Nuclear Energy журналында жарияланған материалға сілтеме жасап Lenta.ru-дың хабарлауынша, мақалада ядролық реактордың жылу қуаты 1,67 мегаватты, белсенділік аймағының көлемі 80 де 134 сантиметрді, қызмет мерзімі 15 жылды құрайтыны айтылған.

Ядролық жанармай ретінде сырты цирконий мен вольфрам карбидімен қапталған 235-уранының 15 пайызынан тұратын қоспа пайдаланылады.

Жасалынып жатқан реактордың энергиясының (333 киловатт) бесінші бөлігі электрге конверсиялануы мүмкін. Реактордағы салқындатқыш зат Қызыл планетада жеткілікті дәрежедегі көмірқышқыл газы болады. Ғалымдардың зерттеуінше, Марстағы осындай қондырғы үш өлшемді принтер жұмысын орнату мен экипаждағы тіршілікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

2011 жылы Айдахо ұлттық зертханасының ғалымдары қуаттылығы 40 киловатт болатын шағын реакторды жасап шығарды. Жаңа қондырғы ғылыми ұжым идеялары дамуының жемісі болып отыр.