АҚШ-та Харви дауылынан қаза тапқандар саны 35-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас пен Луизианада қауіпті су тасқыны апта соңына дейін жалғасады.
None
None

Харви тропикалық дауылы салдарынан Американың Техас штатында кем дегенде 35 адам қаза тауып, 17 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Сондай-ақ, 32 мың адам баспана іздеу үшін өз үйлерін тастап кетті, деп хабарлайды The Daily Star.

Харви дауылы жақында «тропикалық күйзеліс» деңгейіне дейін бәсеңсіген, алайда метеорологтар қауіпті су тасқыны Хьюстонда, Порт-Артур мен Луизиананың оңтүстік-батысында апта соңына дейін жалғасатынын ескертуде.

Корреспондент.net хабарлағандай, Харви дауылының залалы рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Шығынның жалпы құны 160 млрд долларды құрап, АҚШ жалпы ішкі өнімінің бір процентіне тең келуі ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар