Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та Хэмингуэйге түрі ұқсас 140-тан астам егіз жүгірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ки-Уэст қаласында түр-тұлғасы Эрнест Хэмингуэйден аумайтын 140-тан астам адам жүгірді.

АҚШ-та Хэмингуэйге түрі ұқсас 140-тан астам егіз жүгірді

Бұл атақты қаламгердің туған күніне орай жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі шара, деп хабарлайды 24.kz. Ұйымдастырушылар биылғы сайысқа Испанияның Памплона қаласында 12 бұқаның қатысуымен өтетін Сан-Фермин фестивалін тақырып етіп алған. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген мың турист келіп қатысады. Бұл кезінде Хэмингуэйді шабыттандырған әйгілі фестиваль. Ал жүгірушілердің киімі спорттық емес. Бірақ бәрі біркелкі.

Айта кеткен жөн, Эрнест Хэмингуэй 1899 жылдың 21 шілдесінде Американың Иллинойс штатындағы Оук-Парк қаласында дүниеге келген. Ол 1953 жылы «Шал мен теңіз» повесі үшін Пулитцер, ал келесі жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын иеленді.