АҚШ-та химия зауытында жарылыс болды
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше американдық Батыс Виргиния штатындағы шағын химия зауытында жарылыс болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Соның салдарынан екі жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі жарақаттанды. Зауыт маңындағы тұрғындар көшірілмейді. Жарылыс себебі хабарланған жоқ.
25 адам жұмыс істейтін Хэнкок округіндегі зауыт AL Solutions компаниясының меншігі, мұнда алюминий индустриясы үшін қоспалар әзірленеді. Бұл зауытта бұрын да - 1995 және 2006 жылдары жарылыс болып, оның әрқайсысында бір-бір адамнан мерт болған еді.