АҚШ-та химиялық зауытта шыққан өртті төрт күннен бері сөндіре алмай жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Техас штатындағы химиялық зауытта 16 қыркүйекте газ құбырында басталған өрт әлі сөнген жоқ.
The Guardian газетінің жергілікті үкіметке сілтеме жасап хабарлауынша, 16 қыркүйек күні таңертең Ла-Порте қаласындағы зауытта өрт шығып, мыңдаған үй жарықсыз қалды, оқиғаға жақын жерде тұратын тұрғындар эвакуацияланды.
Химиялық зауыттағы жарылыстан кейін басталған өртті төрт күннен бері сөндіру мүмкін болмай жатыр.
– Газды тоқтату мүмкін болмаған сияқты. «Энергия трансфер» газ құбыры операторының бригадасы мен жергілікті коммуналдық қызметтер аумақты оқшаулаумен айналысып жатыр, – делінген хабарламада.
Мәліметтерге қарағанда, жарылыс жол талғамайтын көлік газ тарату пунктімен соқтығысып, өрт шыққаннан кейін болған. Айтуларынша, жүргізуші қаза тауып, көлікке ешкім жақындай алмаған. Аудандағы мыңнан астам үйде тұратын азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді.
– Көптеген мұнай өңдеу зауыттары мен мыңдаған шақырым құбырлар орналасқан Хьюстон жарылыс пен өртке бейім. Олардың көпшілігінде өлім жағдайлары тіркеледі, – делінген хабарламада.