АҚШ-та хоккей төрешісі мұзға баспен құлап қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың хоккей арбитрі Оливер Моссо мұзға құлап, басынан жарақат алып қаза тапты. Бұл туралы америкалық басылым Denver Post хабарлады
Оқиға 18 наурызда Солтүстік Американың төменгі лигасының «Феррис Стэйт» пен «Мичиган Тек» арасындағы плей-офф ойынының алдында спортшылардың дене қыздыруы кезінде орын алған. Құлаған төреші шлемсіз жалаңбас болған әрі қолын қалтасына салып тұрған.
Жарақатпен ауруханаға жеткізілген 48 жастағы Моссо бірнеше күн өзіне келмей ес-түссіз жатты. Сырқаттың беті бері қарамады.
Моссоның артында үш баласы және әйелі қалды.