АҚШ-та iPhone 6 сатылымға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше АҚШ, Канада, Австралия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Гонконг пен Германия, Сингапур сияқты әлемнің бірқатар елдеріндегі Apple Store дүкендер желісі жаңа смартфонды саудаға шығарды, деп жазады 24.kz.
Әйгілі смартфонның алтыншысын алғашқылардың бірі болып алуға асыққан халықтың қарасында шек жоқ. Түн ұйқысын төрт бөлген көптің көкейінде бір арман, екі смартфон: iPhone 6 мен iPhone 6 қосымшасы. Бірінен-бірі өтіп тұр.
- Жалпақ экранға түбі бір жеттік. Тіптен ғажап! Өзі-өзіме әлі де сене алмай тұрмын. Таң атуға да жақындады. Кезек болса минут санап кеңейіп барады. Қара шымылдықтың артында құпия болып қалмай, Apple қызметкерлері де екі ортада абыр-сабыр күй кешіп жүр. Ыстық шәй мен тәтті-дәмдісін таратып, тұтынушының көңілін аулап қояды, дейді Вашингтон тұрғыны Адальберто Мартуез.
Бірі 4,7, екіншісі 5,5 дюймдік қос смартфон соңғы 5S үлгісінен әуелі экран жазықтығымен ерекшеленіп отыр. Қуат көзі анағұрлым артық. Айталық, iPhone 6 Қосымшасының қауқары 5S-тен екі есе артық. Екі телефон да 8 мегапиксельдік бейне жазба жүйесімен жарақталған. Ал баға мәселесіне келсек, АҚШ жұрты үшін су жаңа телефонды 2,5 келісімшарт негізінде 199 АҚШ долларынан бастап, келісімсіз 649 АҚШ долларына дейінгі аралықта иемденуге болады.