АҚШ-та ипотекалық несие мөлшерлемелері 7%-дан асып, ең жоғары деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM – 30 жылдық ипотекалық несиенің мөлшерлемесі бір аптада 10 базистік тармаққа – 6,99%-дан 7,09%-ға дейін көтерілді. Бұл туралы Ипотекалық банкирлер қауымдастығы (MBA) мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі Yahoo Finance-ке сілтеме жасап. 

АҚШ-та ипотекалық несие мөлшерлемелері 7%-дан асып, ең жоғары деңгейге жетті
Фото: pixabay

Бірнеше ай ішінде бұл көрсеткіш алғаш рет 7%-дан асып, өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда пайыздық тармаққа жоғары болды.

Ипотекалық несие мөлшерлемесінің көтерілу себептері инфляция аясында АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігінің өсуімен, сондай-ақ Федералды қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемелерді төмендету перспективасының жоқтығымен байланыстырып отыр. 

– АҚШ-та және шетелде облигациялардың кірістілігі инфляцияның әлсіз болжамы және бюджеттің әлі де жоғары тапшылығы туралы алаңдаушылыққа жауап ретінде өсуін жалғастырды, ипотекалық несие мөлшерлемелерін осыған байланысты бесінші апта қатарынан жоғарылап отыр, - деп хабарлады MBA бас экономисінің орынбасары Джоэл Кан.

Дональд Трамптың инфляцияның жоғары деңгейін сақтауға бағытталған саясатынан қорқу үй сатып алу өтінімдерінің бір апта ішінде 27%-ға жуық өсуіне көмектесті, ал қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 43,5%-ға көтерілді. Алайда тұрғын үйді қаржыландырудың жоғары шығындары мен жылжымайтын мүлік бағасының өсуі болашақта әлеуетті сатып алушылардың көңілін қалдыруы мүмкін. Өткен жылмен салыстырғанда ипотекалық несиеге өтінім саны 1,8%-ға азайды.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-та несие картасы бойынша қарыз рекордтық деңгейге жетті. 

Соңғы жаңалықтар