АҚШ-та ипподромда екі адам жанып кетті және 43 жылқы тірілей үйітіліп қалды

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Огайо штатының Лебанон (Lebanon) қаласында сенбі күні ипподром өртенді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.

Өрт салдарынан ипподромның екі қызметкері және 43 жылқы мерт болды.

Өрт сөндірушілер апаттың себебін әлі анықтаған жоқ, алайда қасақана өрт қойылған деген күдік бар. Мерт болған бірнеше сәйгүліктің құны жүздеген мың долларға жетіп отыр, өрттің келтірген жалпы залалы анықталуда.

 Лебанон ипподромында өрт осымен төртінші рет шығып отыр. Олардың ең ірісі сексенінші жылдардың аяғында орын алған болатын. Онда 35 жылқы мерт болған еді.

Соңғы жаңалықтар