АҚШ-та Иранға технология сатпақ болған кәсіпкер қолға түсті
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-да сейсенбі күні Иранға технология сатпақ болған кәсіпкер Надера Моданло қолға түсті,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Федеральды прокуратураның арызы бойынша, 49 жастағы Мэриленд штатының тұрғыны ирандық бес азаматпен қылмыстық келісімге келіп, оларға телекоммуникациялық спутникті іске қосуға қажетті технология сатпақ болған.