АҚШ-та ірі Chesapeake Energy мұнай-газ компаниясының негізін қалаушы жол апатынан қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ірі тәуелсіз мұнай-газ компанияларының бірі Chesapeake Energy негізін қалаушы Обри Макклендон оған қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айып тағылған күннің ертеңіне жол апатынан қаза тапты.
АР деректеріне сәйкес 56 жастағы кәсіпкер басқарған көлік жылдамдықты асырған күйде Оклахомдағы көпірдің бетон қоршауына соғылған.
«Ол көлікті қоршауға бағыттаған. Кәсіпкердің бағытты өзгертуге уақыты болған, алайда ол оны пайдаланбаған», - деді полицияда.
Еске салсақ, Chesapeake Energy - АҚШ-та мұнай мен газ өндіру көлемі жағынан екінші орында. 2015 жылы таза пайда 14 млрд долардана астам соманы астамды құрады. 1 наурызда Макклендонды әділ бәсекелестік қағидаларын бұзды деп, атап айтқанда Оклахома штатында мұнай мен газ өндіруге арналған учаскелерді жалға алу кезінде бағаны төмендету мақсатында екі энергетикалық компаниямен сөз байласқаны үшін айыптаған.