АҚШ-та ірі қаржыгер 110 жылға сотталды
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ірі қаржыгері Аллен Стэнфорд "алаяқтық жасады" деген айыппен 110 жылға сотталды. Үкім бойынша ол жазасын түрмеде өтеуі керек.
Хьюстон (Техас штаты) қаласының соты оның алаяқтық әрекетінен ондаған мың салымшы 7 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жоғалтқанын айтады.
Аллен Стэнфорд Техаста банк қызметімен айналысып, крикеттен халықаралық жарыстар ұйымдастырушы ретінде танымал болған.
Бірақ қаржыгердің өзі айыпты мойындамайды.
Азаттық радиосы