13:07, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
АҚШ-та ірі жол-көлік апаты болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні АҚШ-тың Колорадо штатында ауа райының қолайсыздығынан бір жолдың үстінде 39 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Associated Press.

АҚШ-та жалпы аяздан 20-дан астам адам үсіп, қайтыс болды.
Боулдер қаласына барар жолдағы ірі жол-көлік апаты да көктайғақтан болған. БАҚ-тың нақтылауынша, оқиға салдарынан қаза тапқан адам жоқ.
Тас жолдың апат орын алған учаскесі бірнеше сағатқа жабылды.