АҚШ-та істемеген қылмысы үшін 39 жыл түрмеде отырған ер адам бостандыққа шықты

1975 жылы 19 жастағы Джексон және оның екі танысы - ағайынды Уайли мен Ронни Бриджмендер кливлендтік кәсіпкерді өлтіруге күдікті ретінде ұсталды.
Сотта 12 жасар бала куәлік берді, ол үш адамның кәсіпкерді қалай өлтіргенін көргенін айтты. Қорытындысында алқа билер Джексонды өлім жазасына, ал Бриджмендерді ұзақ мерзімге түрмеге отырғызуға үкім шығарды. 1978 жылы Огайода ең жоғарғы жаза алынып тасталды, ал Джексон өмір бойы түрмеде отыруға тиіс болды.
Алайда өткен жылы куәгер ретінде сөйлеген адам детективтер тарапынан қысым болғандықтан Джексон мен оның достарын нақақтан қаралағанын мойындады.
Осы аптада сот істің жаңа жағдайларын зерделей келіп, оның кінәсіз екенін таныды. Джексон түрме қақпасынан жақсы көңіл күймен шықты.
«Мен кінәсіз екенімді білдім, шынында да мен өзімді ешқашан да сотталған адаммын деп есептеген жоқпын» - деп мәлімдеді ол. Бриджмендер бостандыққа 2003 жылы шықты, алайда Уайли көп ұзамай мерзімінен бұрын босатылу шарттарын бұзғаны үшін қайтадан түрмеге қамалды. Бүгін ол да Джексонмен бірге бостандық алды.
Американдық БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, 1973 жылдан бері түрмеге қателікпен түскен 148 адам босатылды. Олардың ішінде Джексон темір торда ұзағырақ отырған.