11:55, 20 Сәуір 2022 | GMT +5
АҚШ-та қарлы боран 300 мыңнан астам тұтынушыны жарықсыз қалдырды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Көктемгі дауыл салдарынан АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы барлық штаттарда электр қуатының желілері үзіліп, кей аймақтарында қалыңдығы бірнеше сантиметр қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Британдық BBC телеарнасы 300 мыңға жуық тұтынушының жарықсыз қалғанын, оның 200 мыңы Нью-Йорк штатында екенін мәлімдеді.
Оңтүстіктегі Вирджиния штатында қыс мезгіліне тән ауа-райы орнаған.
Солтүстік-шығыс штаттар Ұлттық метеорологиялық қызметінен (NWS) ауа райына қатысты ескерту алды.
Сулы қардың ағаш бұтақтарын құлату қаупі төнді, NWS жел екпіні 40 мильге (64 км/сағ) дейін жетуі ықтимал екенін ескертті.
Нью-Йорк шенеуніктері тұрғындардың жолдан мүмкіндігінше алыс жүруге тырысуы керек екенін айтты.