АҚШ-та қарлы боранға байланысты мың жарымдай ұшақтың рейсі кейінге шегерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та қатты аяз бен қарлы боран соғып, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайларда мың жарымға жуық рейс тоқтатылды, деп хабарлады жексенбіде flightaware.com сайты.
Порталда Ваштингтондағы Рейган әуежайында ең көбі 300-ден астам рейс тоқтатылған. Сондай-ақ, Нью-Йорк, Чикаго және Денвер әуежайларында бірқатар рейс кейінге қалдырылды.
Бұдан басқа, сайтта шамамен 2 750 рейстің кешігіп жатқандығы хабарланды, деп жазады РИА Новости.