АҚШ-та қарлы бораннан 17 адам мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тың батыс және орталық бөліктерінде кемінде 17 адам қарлы боранның құрбаны болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Аса ірі автомобиль трассаларында, әуежайларында боран салдарынан кептеліс пайда болды. Неваданың, Аризонаның, Юттың және Колорадоның аумақтарын борандатып өткен қарлы циклон шығысқа қарай бағыт алды.