08:32, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ-та қаржы секторы үшін жаңа ереже әзірленеді
ВАШИНГТОН. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ Президенті Барак Обама Конгресс мүшелерін келешекте дағдарыстарға жол бермеу және тұтынушыларды қорғау бағытында несие-қаржы секторы үшін жаңа,
қатаңдау ереже әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаржы рыногы ашықтау және есепті болуға мұқтаж, ал үкімет банктердің алдарында тұрған тәуекелдердің ауқымын бағалау және мониторингтер жүргізу мүмкіндігіне ие болуы керек. «Ассошиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Б.Обама бұл туралы Конгресте Республикалық және Демократиялық партиялардың өкілдерімен әңгімелескен. Жаңа ережені әзірлеу міндеті қаржы министрі Тимоти Гейтнер пен парламенттің қос палатасының комитет жетекшілеріне жүктелетін болады.