09:45, 04 Қаңтар 2016 | GMT +5
АҚШ-та кассалық жиын бойынша «Звездные войны-7» (Жұлдызды соғыстар) «Титаниктен» асып түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жұлдызды соғыстардың» жетінші бөлімі (Star Wars: The Force Awakens) кассалық жиындар бойынша рекордты жаңғыртты, деп хабарлады РИА Новости.

Осы аптада Джеффри Джейкоб Абрамстың АҚШ-тағы кассалық жиыны 686.4 миллион долларға жетті. Осылайша ол прокатта 658.7 миллион жиған Джеймс Кэмеронның "Титанигінен" озып кетті, деп хабарлады WBS Radio.
Үйдегі түсім бойынша рекордты Кэмеронның "Аватар" фильмі орнатқан. Ол АҚШ-та 760.5 миллион доллар жиды.
Әлемдік прокатта "Жұлдызды соғыстар-7" 1.39 миллиард доллар жиып үлгерді. Бұл көрсеткіш бойынша ол жетінші орында, деп жазды РИА Новости.
Фото: Илья Питалев