АҚШ-та қатерлі ісікке қарсы тәжірибелік вакцина кейбір науқастарды дертінен айықтырды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та қатерлі ісікке қарсы «амивантамаб» тәжірибелік вакцина сынақ барысында кейбір науқастардың сырқатынан айығуына себеп болған, деп хабарлайды БелТА.
— «Амивантамабты» қабылдау бұрын иммунотерапия мен химиотерапиямен емделген бас пен мойынның жалпақ жасушалы карциномасы бар науқастарға тұрақты оң әсер етті. Расталған реакцияның жалпы көлемі — 42%. Пациенттердің үштен бірінен астамы толығымен оң реакцияға ие болды, — делінген Johnson& Johnson компаниясының баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, вакцинаға қатысты зерттеуге 102 науқас қатысқан. Препарат ауруы қайталанған немесе дәстүрлі емге көнбейтін жаңа метастаздары пайда болған пациенттерге қолданылған.
«Амивантамаб» инъекциясынан кейін науқастардың үштен бірінен астамында ісіктердің көлемі азайған. 15 науқаста ісік толық жойылған.
Сондай-ақ бұл инъекция өкпе қатерлі ісігі бар науқастарда да оң нәтиже көрсеткені хабарланды.
Еске салайық, Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі клиникалық сынақтың екінші кезеңіне өтті.