АҚШ-та қатты аяз салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бірқатар аймақтарында қатты аяз салдарынан 21-ге жуық адам қаза тапты, деп жазады РБК.
Шетелдік БАҚ мәліметтері бойынша, қатты суықтан Иллинойс жерінде 7 адам мерт болса, Индианада 6 адам қаза тапқан. Қаза тапқан адамдардың ішінде аяз кезінде баспанасыз қалған адамдар да бар. Метеорологтардың айтуынша, бұл аймақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылауда.