АҚШ-та қауіпсіздік жастығының ақауына байланысты 5 млн көлік кері қайтарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Takata қауіпсіздік жастығы жарылып, жүргізуші қаза тапқан 9 жағдай тіркелуіне байланысты тағы 5 млн көлік кері қайтарылды.
Бұл туралы АҚШ-тың көлік министрлігі жол қозғалысын қамтамасыз ету бас басқармасы мәлімдеді.
Оның ішінде Ford, Mazda, Volkswagen, Audi және Mercedes-Benz маркалы көліктер бар, деп хабарлады РИА Новости.
Желтоқсан аяғында апат салдарынан 2006 жылы шығарылған Ford Ranger көлігінің жүргізушісі қаза тапты. Мамандар көлік кедергіге жолыққан кезде іске қосылып кеткен қауіпсіздік жастығының жарылуы салдарынан мерт болғанын анықтады. Осылайша, АҚШ аумағында Takata жастығының ақауы салдарынан ажал құшқандар саны тоғызға жеткен.