АҚШ-та қазақстандық жол апатынан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-та жол-көлік оқиғасы салдарынан қазақстандық қаза тапты, деп xабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та қазақстандық жол апатынан көз жұмды

«АҚШ құқық қорғау органдарының дерегі бойынша, 26 маусымда Норуолк қаласының маңында SR 61 тасжолында (Огайо штаты) жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан ҚР азаматы Қанат Асқынбай қаза тапты», - деп xабарлады баспасөз қызметінен.