АҚШ-та көктайғақ салдарынан 14 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас пен Канзас штаттарында бұдан бірнеше күн бұрын болған қысқы ауа райының күрт суытуы салдарынан 14 адам көз жұмды, деп хабарлады Associated Press.

АҚШ-та көктайғақ салдарынан 14 адам мерт болды

Адамдардың мерт болуы себебі көктайғақ салдарынан болып отыр, ал бір әйел техастық Форт-Уэртеде автомобилі суға батып, хабар-ошарсыз кетті.

Шұғыл қызметтер Оклахомада машинасы суға батып кеткен жеті адам құтқарылғанын хабарлайды.

Ауа райы бірте-бірте жақсарып келеді, өңірде күн жылынуы күтілуде, деп жазады Газета.ру .