АҚШ-та көл маңына қойылған автомобиль мұз мүсініне айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Нью-Йорк штаты тұрғынының көлігі бір түнде мұз мүсінге айналды. Ол машинасын Эри көлінің жағасына қалдырған.
Темір тұлпар иесі іс-әрекетіндегі ағаттықты екінші күні көлігін әкетуге келгенде ғана түсінген, деп хабарлады 1tv.ru.
Бұл уақытта ауа райы қатты бұзылды - аяқ астынан күн суытып, көлде дауыл көтерілген. Осының салдарынан ол эвакуатор шақыртып, көлікті құрсаулаған мұзды сындыруға, кейін жылы гаражға біраз уақытқа қоюға мәжбүр болды.