13:19, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
АҚШ-та қордың азаюына орай Brent мұнайы баррелі 49 долларға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ нарығында отын қорының төмендегені туралы мәлімет шыққаннан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады. Brent барреліне 49 доллардан сатылуда.

Bloomberg агенттігі келтірген American Petroleum Institute деректеріне сәйкес отын резерві 5,14 млн баррельге түсіп кеткен.
Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркасына шілделік фьючерстер белгіленімі мәскеу уақыты бойынша сағат 8:00-де бір пайызға - барреліне $49,08 дейін өсті.
Нбю-Йорк тауар биржасының (NYMEX) шілдеге WTI маркасына келісімшарттар бағасы осы уақытта барреліне 1,15%-ға - $49,18 дейін артты.