10:42, 16 Қараша 2012 | GMT +5
АҚШ-та құны 146 млн. долларлық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Флоридада АҚШ-тың Әскери-әуе күштерінің «Тинделл» базасына жақын жерде бесінші ұрпақтағы F-22 Raptor жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Оның ұшқышы катапульт жасап үлгерді, деп хабарлайды Associated Press басылымына сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг.
Ұшқыш күрделі жарақаттар алған жоқ. Жердегі қирандылар туралы ақпарат белгісіз. Апатқа байланысты құтқарушылар мен полицейлер Пэнхэндл тас жолындағы қозғалысты жауып тастады.
Әуе апатының себебі анықталған жоқ. Оқиғаны тергеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
F-22 Raptor - Әуе қорғанысы күштерінің қарулануына қабылданған бесінші ұрпақтағы әлемдегі көпмақсатты бірегей жойғыш ұшақ. Осындай модельдің бірінші ұшуы 1990 жылдың қыркүйегінде болды. Аталған жойғыш ұшақтардың барлығы 195 үлгісімен шығарылды, бір F-22 Raptor-дың бағасы 146 млн. долларды құрайды. Бұл ұшақ әлемдегі ең қымбат жойғыш ұшақ болып табылады.