АҚШ-та құпия жүк тиелген 50 вагон аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ноксвилл қаласында (Теннесси штаты) көп вагонды жүк тиелген пойыз аударылып, маңындағы ғимараттарға барып соғылған, деп хабарлайды жергілікті полиция.

АҚШ-та құпия жүк тиелген 50 вагон аударылды

«Рельстен шығып кеткен локомотив 50 вагонды тартып келе жатыр еді. Салдарынан сол маңдағы екі ғимаратқа залал тиген. Полиция төнуі мүмкін қауіп-қатерді анықтап жатыр, бұл аумақтан аулақ жүріңіздер!», - деп жазды Ноксвилл полиция департаменті Twitter-дегі ресми парақшасында.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Апатқа ұшыраған пойызға қандай жүк тиелгені жайлы ақпарат әзірге құпия болып отыр.

Фото: © РИА Новости / Александр Вильф