АҚШ-та КВИ-ге қарсы вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны үшін ақша ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

АҚШ-та КВИ-ге қарсы вакцина салдырғандар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылуда

Калифорнияда Сovid-19 қарсы вакцина салдырғандар арасында 116,5 миллион доллардың ұтысқа қойылатындығы жарияланды. Ұтыс ережелеріне сәйкес, 10 адам 1,5 миллион доллар иелене алса, екпе алған тағы 30 жеңімпаз 50 мың долларды ала алады.

Ұтыс ойынына тек жасы 12-ден асқан Калифорния тұрғындары қатыса алады. Бұған дейін Огайо билігі вакцина алғандар арасында 1 миллион доллардың ұтысқа қойылатындығын жариялады.

Штат губернаторы жеңімпаздың бес апта бойы әр сәрсенбіде анықталатындығын, сол күні әр жеңімпаз 1 миллион доллар алатындығын мәлімдеді.