АҚШ-та қыздарға жөнсіз тиісті деп айып тағылған Қазақстан азаматы кепілге ақша беріп, келесі тыңдауға дейін босатылды

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - АҚШ-та кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға жөнсіз тиісті деп айып тағылған Қазақстан азаматы Жандос Бақытбекұлы кепілге ақша беріп, келесі тыңдауға дейін босатылды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

І. Омаровтың айтуынша, ағымдағы жылғы қыркүйектің 2-де аталмыш іс бойынша бірінші тыңдау өткен және айып тағылып отырған Қазақстан азаматы құны 1,5 мың АҚШ доллары болатын қаржыны кепілдікке беріп, әзірге босатылған. Енді ол қыркүйектің 30-ы күні болатын істің келесі тыңдауын күтетін болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Ж.Бақытбекұлы АҚШ-та 11 жастағы екі қыз балаға жөнсіз тиісті деген айыппен тұтқындалған болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 20 жастағы Жандос Бақытбекұлы Нью-Йорк штатының Лейк Джордж қаласында Magic Forest (Сиқырлы орман) аттракционында ұсталған. «Аталған азамат шамамен 1,5 ай бұрын Work and Travel интернет-бағдарламасы желісі бойынша АҚШ-қа аттанған. Қазіргі уақытта бұл мәселе Нью-Йорктегі бас консулдықтың бақылауына алынды. Ұсталған азамат кінәсінің бір бөлігін мойындады, енді келесі тыңдауды күтеміз», деген болатын ҚР СІМ баспасөз хатшысы қыркүйектің 1-гі брифингте.

Соңғы жаңалықтар