АҚШ-та лейкозді емдейтін препарат мақұлданды
АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрілік препараттар сапасына бақылау басқармасы (FDA) қан мен ми сүйегі қатерлі ісігінің сирек түрінен ересек адамдарды емдейтін - Marqibo дәрісін алғаш рет мақұлдады, деп жазады РБК Medical Xpress-ке сілеме жасап.
Бұл дәрі кемінде емдеудің екі тәсілі қолданылғанымен ауруы асқына түскен адамдарға көрсетілді. Бұл ауру әсіресе балаларда (2-4 жастағы) жиі кездеседі, ол балалар жасындағы лейкоздың 90 пайызға жуығын құрайды. АҚШ ұлттық қатерлі ісік институтының бағалауынша, биылғы жылы 6 мыңнан астам адамның осы сырқатқа ұшырағаны анықталды, олардың мың жарымға жуығы көз жұмуы мүмкін.
Marqibo препараты сирек ауруларды емдеу үшін жасалған фармацевтік құрал. Препарат тиісті емдеу шараларынан кейін ауруы асқынған пациенттерді клиникалық зерттеу кезінде бағаланды.
Бұл дәрі тамыр арқылы ғана жіберіледі. Marqibo дәрісін өндірумен Talon Therapeutics американдық биофармацевтік компания айналыспақ.