АҚШ-та марихуана сататын автомат орнатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та марихуана сататын автомат орнатылды. Алғашқы құрылғы Колорадо штатында орнатылған және ол марихуананы медициналық мақсатта сату үшін арналған, деп хабарлайды Дни ру.
ZaZZZ деп аталатын автоматын Колорадо штатының Эйвон қаласында American Green фирмасы дайындап шығарған. Сыртынан ол кофе және сусындар сататын көптеген автоматтарына ұқсайды. Әрі қаладағы тамақтану орындарына жақын орналасқан.
Аталған автомат есірткі затын тек дәрігердің нұсқауы бойынша ғана сатады. «Дәріні» арнайы тіркеу картасы және PIN-коды бар науқастар ғана сатып ала алады. Сонымен бірге, сауда нүктесі бірнеше камералармен жабдықталған, олар құжаттардағы сурет пен аппарат алдындағы адамның түрін салыстырады.
Уақыт өте келе, мұндай аппараттар көбейеді деп жоспарланып отыр. Олардың бәрі арнайы лицензиялық пункттерде орнатылады.
"Өндіруші компанияда сатылымның мұндай формасы штаттағы марихуананың заңды айналымын қадағалауға мүмкіндік береді. Біріншіден, камералардың арқасында, есірткі затын кімнің сатып алып жатқаны белгілі болса, екіншіден, өзіне-өзі қызмет ету жүйесі өндіруші мен сатып алушы арасындағы делдалды - есірткі тасымалдаушыны болдырмайды", делінген хабарламада.