АҚШ-та матчтан кейін атыс болып, 10 жасөспірім жарақат алды
МОБИЛ. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Алаба штатының Мобил қаласындағы стадионда болған атыс салдарынан 10 жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
Қалалық полиция бастығы Лоуренс Баттист журналистерге мәлім еткендей, жұма күні кешкісін «Лефлор» және «Уильямсон» мектептерінің командаларының арасында америкалық фуболдан өткен матчтан кейін атыс болып, 15-18 жас аралығындағы 10 жасөсіпірім жарақат алды.
10 баланың бесеуі ауыр халде жатыр.
Полиция басшысының айтуынша, атысқа төбелестің не басқаның себеп болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ, ол полиция куәгерлерден оқиға орнында жауап алғанын жеткізді. Екі адам ұсталды.