АҚШ-та Майкл Джексонның дәрiгеріне қатысты сот басталды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте Майкл Джексонның жеке дәрiгері Конрад Мюррейдiң үстiнен сот процессі басталды. Оған музыкантты абайсызда өлтiріп алды деген айып тағылуда. Сот үрдісі прокурор мен қорғаушының сөзімен басталды, деп хабарлайды ВВС.
None
None

Айыптаушы тарап атап өткендей, Мюррей өзінің емделушісіне ұйқының бұзылуына арналған пропофол препаратының мөлшерін тым көбейтіп жіберген. Дәрiгердiң қорғаушысы, өз кезегiнде, Джексон дәрінің өлімге әкеп соқтыратын мөлшерін өзі салған деген пікірден танбауда.

Егер Конрад Мюррейдің кінәсі дәлелденсе, төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек, ол дәрігерлік тәжірибемен айналысу құқығынан айырылады.

Соңғы жаңалықтар