08:40, 28 Наурыз 2023 | GMT +5
АҚШ-та мектепте атыс болып, үш бала қаза тапты
НЭШВИЛЛ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні АҚШ-тың Теннесси штатындағы христиан мектебінде атыс болып, кем дегенде үш бала қаза тапты, деп хабарлады билік өкілдері. Шабуылдаушыны полицейлер атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға Нэшвилдегі Бертон-Хиллз бульварында орналасқан мектепте болған. Шақыру бойынша келген полицейлермен атыс кезінде қылмыскер қаза тапты.
Медициналық орталықтың өкілі оққа ұшқан үш бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. NBC News мәліметіншеғ олардың үшеуі де ауруханаға жеткенше қайтыс болған. Құрбандар мен шабуылдаушының аты-жөні, жасы жарияланған жоқ.