АҚШ-та мереке кезінде сегіз адам жарақат алды

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Флорида штатындағы Мартин Лютер Кинг күніне арналған іс-шара кезінде атыс болып, сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None

CNN мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда күндіз Форт-Пирс қаласындағы Илус Эллис саябағында болды. Онда мыңнан астам адам, соның ішінде балалар жүрген.

Полицияның дерегі бойынша, демалуға келген екі топ жанжалдасып қалып, артынша атыс болған. Оқ атылған соң арада төбелес басталып, кем дегенде төрт адам жарақат алған.

Жалпы, зардап шеккен сегіз ересек адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауыр халде.

Саябақта жаппай хаос болды, адамдар әртүрлі құрылымдар мен машиналардың артына тығылып, келген полиция атысқа қатысқандар мен құрбандарын анықтай алмаған.

Құқық қорғау органдарының алдын ала бағалауы бойынша бірнеше адам оқ атқан. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиға орны зерттеліп жатыр, қылмыс куәгерлері сұралуда.

Мартин Лютер Кинг күні афроамерикалықтардың құқықтарын қорғаушыға арналған федералды мереке және АҚШ-тағы бейбітшілік пен теңдікті бейнелейтін мемлекеттік демалыс күні деп жарияланған.


Фото: edition.cnn.com

Соңғы жаңалықтар