Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та «Мэттью» дауылынан 42 адам көз жұмған

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та «Мэттью» дауылынан көз жұмғандар саны артуда, соңғы мәліметтер бойынша мерт болғандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

АҚШ-та «Мэттью» дауылынан 42 адам көз жұмған

Солтүстік Каролина штатының губернаторы жергілікті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Қаза тапқандардың басым бөлігі - 22 адам  Солтүстік Каролина штатында, сондай-ақ Флорида, Джоржия мен Оңтүстік Каролина штаттарында көз жұмғандар бар.

Айта кетейік, «Мэттью» дауылы осыған дейін Гаити аралында соққан болатын, салдарынан мыңнан аса адам мерт болған.