АҚШ-та Мұхаммед Әлидің боксшы болуына себеп болған велосипед ұрланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұхаммед Әлидің бокспен айналысуға шешім қабылдауына себеп болған велосипед спортшының туған қаласы Луисвилледе ұрланды.
Бұл туралы өз Твиттерінде аумағында экспонат сақталатын Сполдинг университеті жазды.
19 тамызда оқу орнының парақшасында Мұхаммед Әлидің естелік заты жоғалды. Өтініш, университет орталығының маңдайшасында ілініп тұрған қызыл түсті велосипедті табуға көмектесіңіздер» деген жазба пайда болды.
Ғимаратта бұрын спорт залы болған. 1944 жылы 12 жастағы Кассиус Клейдің (Мұхаммед Әли) құрылыстың жанында қалдырған велосипедін ұрлап кеткен. Ол ішке кіріп, ұрыны ұрмақ болады. Ғимарат ішіндегі полицей Джо Мартин, «егер шынымен біреуді ұрғың келсе, бокспен айналыс» деген. Сосын жаттығуға шақырды. Бірнеше айдан кейін болашақ чемпион алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Мұхаммед Әли өз есімін 1964 жылы Ислам дінін қабылдағаннан кейін өзгертті. Кәсіби мансабында 61 айқас өткізіп, 56-сын ұтты. 1999 жылы «Ғасыр спортшысы» атағын алды. 2016 жылы қайтыс болды.