АҚШ-та мұнай тиеген пойыз апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Иллинойс штатында мұнай тиелген бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, өртке оранды.
BNSF Railway темір жолының басшылығы оқиға Айова штатымен шекаралас Галена (Galena) елді мекенінің маңында орын алғанын хабарлады.
Пойызға мұнай тиелген 103 вагон тіркелген. Кем дегенде олардың бесеуі жолдан шығып, екеуі отқа оранды, деп хабарлады NBC арнасы. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Апат орны Миссисипи өзенінің маңында. Сондықтан жергілікті табиғатты қорғау органдары судың ластану мүмкін екендігіне алаңдап отыр.