АҚШ-та NASA жер серігі тиелген Falcon 9 зымыран-тасығышы ұшырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың SpaceX жеке компаниясы Калифорниядағы Ванденберг ӘӘК базасынан NASA-ның Jason-3 атты мұхитүсті бақылау жасайтын жер серігін орбитаға шығаруға тиіс Falcon 9 зымыран-тасығышын ұшырды, деп хабарлайды ТАСС.
SpaceX бұл жолы тағы бір мәрте зымыранның басқарылатын төменгі бөлігін алып мұхиттағы платформаға қондыруға тырысып бағады, бұл іс бөлікті келесі жолы да пайдалану үшін жасалмақ. Платформа Тынық мұхитында орналасқан.