АҚШ-та NASA зымыран-тасығышы ұшырылу кезінде жарылып кетті - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Antares Ұлттық аэроғарыш зымыран-тасығышы Cygnus ғарыштық жүк тасығышымен ұшыру кезінде жарылды. Апат жергілікті уақыт бойынша 18.22 кезінде орын алды.
Ғарыштық жүк кемесі ХҒС-ға 2,3 тоннадан астам жүк жеткізуі керек болатын. Cygnus ХҒС-қа 2 қараша күні жетеді деп болжанған еді.
Зардап шеккендер жоқ, материалдық залал Валлопс аралының тек оңтүстік жағалауына келді.
NASA мәліметтері бойынша, ғарыш айлағында ракетаны ұшырар алдында ешқандай ақаулар болмаған. Апатты тексеру басталды.