АҚШ-та несие карталары мен автонесиелердің мерзімі өткен төлемі көбейген
АСТАНА. KAZINFORM – Йорк Федералдық қор жүйесі несие карталары мен автонесиелердің мерзімі өткен төлемдері көбейген деп санайды. Бұл туралы FOX Business хабарлады.
2025 және 2026 жылдың екінші тоқсанын салыстырғанда несие карталары бойынша қарыз үлесі 6,93%-дан 6,97%-ға дейін өсті. Осы кезеңде автонесиелер бойынша төлемдердің кешіктірілуі де 2,93%-дан 3%-ға дейін өсті. Мерзімі өткен ипотекалық несиелердің үлесі 1,29%-дан 1,52%-ға дейін өсті.
Несие карталары бойынша қарыз жалпы баланстың 6,97%-ы болды, оның ішінде 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген төлемдер 2,3%.
Нью-Йорк Федералдық қор банкі өз талдауында 2022 жылдың үшінші тоқсанынан 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін төлемі 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген несие карталарының үлесі 7,6%-дан 12,8%-ға дейін өскенін атап өтті.
Осыған дейін АҚШ-та жылдық инфляция 3,4%-ға жеткені хабарланды.