АҚШ-та несие карталарының нөмірлерін ұрлаудың ел тарихындағы ең үлкен қылмысы жасалды

АСТАНА.  Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат -   АҚШ-та несие карталарының нөмірлерін  ұрлаудың ел тарихындағы    ең  үлкен қылмысы    жасалды.

АҚШ-та несие карталарының нөмірлерін  ұрлаудың ел тарихындағы    ең  үлкен қылмысы    жасалды

 АҚШ  Әділет министрлігінің  хабарлауынша,   кредиттік және   дебеттік карталардың  130 миллион нөмірі   туралы сөз болып отыр,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

 Министрліктің ақпараты  бойынша,      бұл қылмысқа   Майами тұрғыны     (Флорида штаты) 28 жастағы Альберт Гонсалестің қатысы  бар. Ведомство өкілдерінің  атап көрсетуінше,  Гонсалес  пен  оның екі сыбайласы  бұл  қылмысты   бірқатар корпорациялардың,  оның ішінде Hannaford Bros.,   супермаркеттер  желісінің     төлем  жүйелері арқылы    жасап  отыр.

Сарапшылардың  нақтылауынша,      бұл оқиға 2006 жылдың   қазан  айында  басталған.     Несие карталарының  ұрланған нөмірлері   Калифорния,    Иллинойс  штаттарына,    сондай-ақ  Латвия,  Нидерланды  және  Украина елдеріне жөнелтіліп  отырған.

Анықталған     факті  бойынша тергеу амалы  жүргізілуде.