АҚШ-та Никсонның сайлау науқанына 1 млн. доллар берген миллиардер өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық бизнесмен Ричард Меллон Скейф жұма күні Питтсбург қаласында (Пенсильвания штаты) 82 жасында өмірден озды.

АҚШ-та Никсонның  сайлау науқанына 1 млн. доллар берген миллиардер өмірден озды

Бұл туралы оның меншігіндегі Pittsburgh Tribune-Review газеті хабарлады.

Скейф атақты банкир, Америкадағы ақшалы алпауыттардың бірі болған бұрынғы қаржы министрі Эндрю Меллонның (1855-1937) немересі.

Forbes журналы 2013 жылы Скейфтің байлығын 1,4 млрд. долларға бағалады.