АҚШ-та Обаманы өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған азамат тұтқындалды

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-та елдің жаңадан сайланған президенті Барак Обаманы өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған азамат тұтқындалды. Висконсия тұрғыны 42 жастағы Стивен Джозеф Кристоферді мемлекеттің бірінші тұлғаларын қорғаумен айналысатын Құпия қызметтің агенттері Миссисипи штатында ұстаған.

АҚШ-та Обаманы өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған азамат  тұтқындалды
Билік оған жаңадан сайланған ел президентіне қастандық жасаймын деген қоқан-лоқы көрсеткен деп айып тағып отыр. Прокурорлардың айтуынша, тұтқындалған азамат өз қоқан-лоқысын интернет арқылы жария еткен. Қаңтардың 11-і және 15-і күндері ол интернет-сайттардың бірінде «Барак Обаманы өлтіру туралы шешім қабылдағаны» туралы хабарлама қалдырады. Оның айтуынша, бұл «елдің игілігі үшін» керек көрінеді.