АҚШ-та оқып жүрген отандасымыз Сангина Шәріпова Лос-Анджелесте концерт берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-та білім алып жүрген қазақ қызы Сангина Шәріпова Лос-Анджелесте концерт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл – отандасымыздың АҚШ-тағы алғашқы концерті. Бүгінде Сангина Шәріпова Лос-Анджелестегі музыканттар институтында білім алып жатыр. Ол ұсынған концерт оқу орны студенттерінің арасындағы конкурстың финалы. Бұған дейінгі бірнеше кезеңнен сүрінбей өткен әнші Лос-Анджелестің белді студияларымен бірге жұмыс істеу мүмкіндігін жеңіп алу үшін сынға түсті.

«Бұл конкурсқа қатысу үшін соңғы 2,5 айдың ішінде өз бетімше муызканттар тауып, олардың басын қосып топ жасақтадым. Бірге дайындалып, әндерімді өңдедік, қазақ сөздерін ағылшын тіліне аудардым. Ал бүгін танымал продюсерлер мен менеджерлердің алдында өнерімізді көрсеттік. Мен үшін бұл ерекше тәжірибе болды», - деп мәлім етті Сангина Шәріпова Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Конкурсқа қатысушылар 3 әннен орындады. Осы орайда отандасымыз Сангина бір туындының қайырмасын қазақ тілінде шырқады. Бұл ретті өнер иесін қолдауға келген қазақстандықтар да аз болмады.

«Сангина қазіргі сынақта топ жарады деп ойлаймын. Себебі ол үлкен ноталарды алған кезде оны ұлттық, қазақи әсем әуендердің иірімімен байланыстырып жатты. «Талаптыға нұр жауар», дейді. Сәттілік тілейміз!», - деп пікір білдірді әншінің концертін тамашалауға барған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров.


Соңғы жаңалықтар