АҚШ-та он жасар балаға қолтырауын шабуылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Американың Флорида штатында  қолтырауын он жасар қызға шабуылдады, деп хабарлады Fox News.

АҚШ-та он жасар балаға қолтырауын шабуылдады

Телеарнаның деректеріне сәйкес, қыз бала Мосс саябағындағы көлде шомылып жүрген.  Кенет аллигатор оның аяғын тістеп алған. Оқиғадан кейін ата-аналары оны ауруханаға жеткізді.

Қолтырауын  ұсталып, өлтірілді. Мұндай оқиға штатта бұрын да орын алған. Онда аллигатор Владимир Кличконың ұлын тістеп алған.